Өнер Академиясының ректоры Мәдениет министрі болып тағайындалды

Енді ол бүгіннен бастап президент кеңесшісі. Сөйтіп Мұхтар Құл-Мұхаммед атауы осымен төртінші мәрте өзгерген үйреншікті министрлігінен Ақордаға қайта оралды. Ал мәдениет министрі болып Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер Академиясының ректоры Арыстанбек Мұхамедиұлы тағайындалды. Бір сәтте саяси мансабы өсіп шыға келген жаңа министрді ұжымға премьер таныстырып, негізгі міндеті ретінде ұлтаралық келісімді дәріптеуді тапсырды.