Өнеркәсіп өнімін өндіруші-кәсіпорындардың бағасы бір айда 0,6%-ке өсті

Өткен айда бағаның өсуі кен өндіру өнеркәсібінде - 1,7% тіркелді, ал төмендеуі өңдеу өнеркәсібінде - 0,6% тіркелді, электр энергиясын, газ бен су өндіру және бөлуде оның деңгейі өзгеріссіз қалды.

Өндіруші-кәсіпорындар энергия ресурстарының бағалары мен тарифтері тұтастай алғанда 1,8% өсті. Мұнайдың әлемдік рыноктарда қымбаттауы оны республикада өндіру бағасының 2,6%-ке өсуіне ықпал етті. Табиғи газдың бағасы - 1,9%, мұнай өнімдерінің бағасы - 1,2%, көмірдің бағасы - 0,3% өсті, тек газ конденсатының бағасы - 6,3%-ке төмендеді.
Металлургия өнеркәсібіндегі бағаның 2,6% төмендеуі қара металдар илегінің - 5,7%, ферроқорытпалардың - 1,5% және түсті металдардың - 1,4% арзандауына байланысты болды. Мұның өзінде, өндірушілердің өңделмеген алюминий бағасы - 4,3%-ке, мырыш бағасы - 3,3%-ке, қымбат металдар бағасы - 1,2%-ке, мыс бағасы - 0,2%-ке төмендеді, ал қорғасын бағасы - 1%-ке өсті.
Республикада дайындалған азық-түлік тауарлары бағасының өсімі 0,8% құрады, бұл мал етінің - 3,1%, одан жасалған өнімдердің - 1,2%, шайдың - 2,7% және нанның - 0,4% қымбаттауынан болды. Бидай ұнының бағасы, керісінше, 1,6%, макарон өнімдерінің бағасы - 0,8%-ке төмендеді.