«Оңай» көлік карталарына енді «Жолақы» тарифы енгізіледі

Өзіне ыңғайлы тарифтің құнын төлеген пайдаланушы қаладағы қоғамдық көліктермен жүрген әр сапарын бір ғана картаға сақтауы керек.

2016 жылдың 1 қазанынан бастап, ескі үлгідегі «Оңай» көлік картасын (көлік карталарынан бөлек тасымалдағышта) шығару тоқтатылады. Алайда бұрын сатып алған ескі үлгідегі «Оңай» көлік картасын 2016 жылдың желтоқсан айына дейін пайдалануға, толтыруға болады.

Мұндай жол жүру карталары Алматы мәслихатының шешімімен 2016 жылдың 1 наурызында шыққан еді. Алайда, электронды билеттеу жүйесінің операторы жүйені пайдалануды барынша ыңғайлы етуге тырысуда және сол себепті «Оңай» көлік жолақыларын «Оңай» көлік карталарымен біріктіру жұмыстары жүргізілді.


Карталардағы жолақы құны өзгермейді.