Көптен бері ойлап, бірақ сатып алуға ақшасы болмай жүрген 4 адамға 250 мың теңге мен бір сағат уақыт беріледі. Осы уақыт ішінде сайысқа түскен жандар «Mega Park» ойын-сауық орталығындағы кез-келген сауда нүктесінен тауар алып үлгеруі тиіс. Мұнда жаныңыз қалағанның барлығы бар. Бірақ бұл бастамасы ғана. Себебі әрбір дүниені қойылған сұраққа дұрыс жауап қайтару арқылы иемденуге болады. Қиналған сәтте 50/50 жеңілдігін пайдалануға немесе «Mega Park»-ке келген қонақтардың көмегіне жүгінуге мүмкіндік бар. Олжаға оңай жетудің жолын әр дүйсенбі мен сейсенбі күндері сағат 19:45-те «Оңай Олжа» бағдарламасынан тамашалай аласыздар.