"Өңдеу саласын техникамен және технологиямен қайта жабдықтау процессін ынталандыру мақсатында биылдан бастап өңдеуші кәсіпорындар үшін жабдықты лизингіге алудың проценттік ставкасына бюджеттен субсидия бөлу бағдарламасы іске қосылады. Бұл мақсатқа 1,1 млрд жуық теңге бөлу жоспарланған", - деді А. Есімов.
Ол мемлекеттің "ауылшаруашылығы өнімдерін өңдеу саласын дамытуға баса назар аударатынын" атап өтті. Министр "қазіргі таңда мемлекет бұл салаға екінші деңгейлі банктерден алған несиелердің сыйақы ставакасын төлеуге және халықаралық сапа стандарттарын енгізуге бағытталған шығындарды толтыруға субсидия бөлу арқылы қолдау көрсетіп отырғанын" еске салды. Сонымен бірге, "өңдеудің 8 саласы бойынша Қосалқы құн салығының ставкасы 70%-ға төмендетілді". "Біз осындай шаралардың арқасында бұл іске жеке меншік капиталды жоғары деңгейде тартуға мүмкіндік туады деп сенеміз", -деді ол.
"Осы шараларға арқа сүйей отырып біз таяудағы жылдарда өңдеу саласының бәсекелістік қабілетін сапалық жоғары деңгейге көтеруге тиіспіз", - деді А. Есімов.