Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы BAQ.KZ-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Пандемияға дейін облыста 76 өкпені жасанды желдету аппараты болған. 150 млн теңгеге қосымша тағы бес аппарат сатып алынды. Өткен аптада жергілікті бюджеттен шілде айының соңына дейін жеткізілетін 20 ӨЖЖ аппаратын сатып алу үшін тағы 400 млн теңге бөлінді. Біз қазір денсаулық сақтау министрлігімен жұмыс жүргізіп, бұған дейін хабарланған 38 ӨЖЖ аппаратын бізге мерзімінен бұрын яғни, жоспарланғандай желтоқсан айында емес, қыркүйекте жеткізіп беру жағын қарастырып жатырмыз, - деді Ақсақалов.
Облыс әкімі бұған дейін 25 портативті ӨЖЖ аппараттары жедел жәрдем машиналарына сатып алынғанын мәлімдеген болатын. Ол сондай-ақ биыл реанимациялық құралдармен жабдықталған 18 жедел жәрдем машинасын жеткізілетінін айтты.
Құмар Ақсақалов брифинг барысында өңірде дәрі-дәрмектің бағасын бақылау мақсатында мониторинг топтары құрылғанын мәлімдеді.
Сұранысқа ие дәрі-дәрмектердің 41 атауын мониторингілеу бойынша мониторингтік топтар құрылды. Dari.kz мобильді қосымшасы бар, онда әрбір қолданушы дәрі-дәрмектің бағасы шекті бағаға сәйкес келу-келмеуін тексере алады. Бірақ барлық дәрі-дәрмекке министрдің бұйрығымен шекті баға белгіленген және бұл шаралармен мониторингтік топтар жұмыс істеуде. Облыстағы дәріханаларда қызу түсіретін, қабынуға қарсы, вирусқа қарсы және антибактериалды дәрі-дәрмектердің жеткілікті қоры бар. Стационарларда дәрі тапшылығы мәселесі жоқ. "СК – Фармация" дәрі-дәрмектерді мерзімінен бұрын жөнелту бойынша жұмыстар белсенді жүргізуде, - деді ол.