Өнеркәсіп. 2005 жылғы қаңтар-шілдеде өнеркәсіп өндірісі көлемінің өсуі 2004 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда, Қарағанды, Қызылорда және Қостанай облыстарынан басқа (өндіріс көлемі тиісінше, 12,3%, 10,5% және 5,3% төмендеген), Қазақстанның барлық өңірлерінде байқалды. Ең көп өсімге Батыс Қазақстан облысында (37,1%) қол жеткізілсе, ең аз өсім Жамбыл облысында (0,3%) тіркелді. Жоғары өсу қарқыны сондай-ақ Алматы (17,3%) мен Астана (11,1%) қалаларында және Ақмола (17%), Ақтөбе (9,9%), Алматы (9,3%) облыстарында байқалды.
Өнеркәсіп өндірісінің орташа республикалық деңгейі 7 облыста: Батыс Қазақстан, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Маңғыстау, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан облыстарында және Алматы мен Астана қалаларында асып түсті.
Ауыл шаруашылығы. Ағымдағы жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша өткен жылғы тиісті күнмен салыстырғанда облыстар шаруашылықтарының барлық санаттарында ірі қара мал, жылқы, қой мен ешкі саны өсті.
2005 жылғы қаңтар-шілдеде 2004 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда ет өндіру көлемінің өсуі, Қызылорда облысы мен Алматы қаласынан басқа, республиканың барлық өңірлерінде байқалды. Өндіріс көлемінің ең жоғары өсімі Астана қаласында (50%), Маңғыстау (13%) мен Шығыс Қазақстан (11,2%) облыстарында қол жеткізілді. Қызылорда облысында ет өндірісі көлемі өткен жылғы тиісті кезеңдегі деңгейде сақталды, Алматы қаласында кемуі байқалады (20%).
2004 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда сүт өндірісінің өсуі Астана қаласынан басқа (көлемі 22%-ке төмендеген) республиканың барлық өңірлерінде байқалды. Өндіріс көлемінің аса жоғары өсімі Алматы қаласында (10,8%), ең аз өсімі Батыс Қазақстан облысында (0,9%) тіркелді. Салыстырмалы жоғары өсу қарқынына Оңтүстік Қазақстан (6,7%) және Қостанай (6,6%) облыстарында қол жеткізілді.
2005 жылғы қаңтар-шілдеде 2004 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда жұмыртқа өндірісінің өсуі Қазақстанның 11 өңірінде байқалды. Аса жоғары өсу қарқыны Батыс Қазақстан - 2 есе және Солтүстік Қазақстан (29,6%) облыстарында тіркелді, ең азы - Қостанай облысында (0,5%) орын алды. Жұмыртқа өндірісінің көлемі Маңғыстау (25%), Павлодар (5,4%), Алматы (1,2%), Қызылорда (0,5%) облыстарында және Астана қаласында (20%) төмендеді.
Инвестициялар. 2005 жылғы қаңтар-шілдеде негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар (жете бағалауды ескере отырып) 992,6 млрд. теңгені құрады, бұл өткен жылғы тиісті кезеңдегіден 49,3%-ке артық.
Инвестицияның өсуі республиканың 14 өңірінде байқалған. Аса көп өсуі Атырау (82,8%) және Қарағанды (67,9%) облыстарында, ең аз өсуі Қостанай облысында (1%) тіркелді. Жоғары өсу қарқыны сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Алматы және Ақтөбе облыстарында байқалды (тиісінше, 55,3%, 45,8%, 40,1% және 25,1%). Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлемі Батыс Қазақстан (45,9%) және Жамбыл (19,2%) облыстарында төмендеді.
2005 жылғы қаңтар-шілдеде республиканың барлық өңірлерінде салынған тұрғын үйлер көлемі өткен жылғы тиісті кезеңдегі деңгейден асып түсті. Аса белсенді тұрғын үй құрылысы Солтүстік Қазақстан, Алматы мен Ақмола облыстарында жүргізілуде, онда тұрғын үйлерді іске қосу көлемі 2004 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда (тиісінше, 2,3 есе, 2,2 есе және 2,0 есе), сондай-ақ Астана қаласында (80,2%), Қостанай (87,4%), Жамбыл (79%) және Маңғыстау (69,8%) облыстарында өсті.
Бөлшек сауда тауар айналымы. 2005 жылғы қаңтар-шілдеде бөлшек сауда тауар айналымының көлемі 705,2 млрд. теңгені құрады және өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда (тұрақты бағада) 11%-ке өсті. 2005 жылғы қаңтар-шілдеде өңірлер бөлінісінде бөлшек сауда тауар айналымы көлемінің аса жоғары өсімі өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда (тұрақты бағада) Жамбыл (29,3%), Ақмола (23,4%), Атырау (23,9%) және Қызылорда (21,3%) облыстарында байқалды. Алматы қаласында өсім 15,8%, Астана қаласында - 10,7% құрады. Бөлшек сауда тауар айналымы көлемінің ең аз өсімі Батыс Қазақстан мен Солтүстік Қазақстан облыстарында (1,8%) байқалды.
Тұтыну бағасының индексі. 2005 жылғы шілдеде тұтыну тауарлары мен қызметтерінің бағасы өткен аймен салыстырғанда, Ақтөбе мен Павлодар облыстарынан басқа (онда көлем тиісінше, 0,2% және 0,1% төмендеген), республиканың барлық өңірлерінде өсті. Бағаның ең көп өсуі Ақмола (1,1%) мен Оңтүстік Қазақстан (0,9%) облыстарында тіркелді.
2005 жылғы шілдеде өткен аймен салыстырғанда азық-түлік тауарларына бағаның өсуі Ақмола, Алматы, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында, Астана мен Алматы қалаларында байқалды, сол уақытта бағаның төмендеуі Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Павлодар облыстарында тіркелді. Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облыстарында баға өткен айдың деңгейінде сақталып қалды. Бағаның ең көп өсуі Ақмола облысында (1,3%) байқалды.
Азық-түлік емес тауарлардың бағасы 2005 жылғы маусыммен салыстырғанда, Атырау мен Павлодар облыстарынан басқа (баға өткен айдың деңгейінде сақталған), Қазақстанның барлық өңірлерінде өсті. Бағаның ең көп өсуі Алматы қаласында (1,2%) байқалды.
Халыққа көрсетілетін ақылы қызметтердің бағалары мен тарифтері 2005 жылғы шілдеде өткен аймен салыстырғанда республиканың 12 өңірінде өсті. Бағаның ең көп өсуі Оңтүстік Қазақстан (2,9%) мен Батыс Қазақстан (2,7%) облыстарында байқалды. Ақтөбе, Павлодар облыстарында және Астана қаласында халыққа көрсетілетін ақылы қызметтердің бағалары мен тарифтері өткен айдың деңгейінде қалды, Қарағанды облысында 0,1% төмендеді.
Халықтың ақшалай табысы. 2005 жылғы маусымда Қазақстандағы халықтың жан басына шаққандағы орташа ақшалай табысы (бағалау бойынша) 14447 теңгені құрады. Атырау және Маңғыстау облыстары республиканың аса жоғары табысты өңірлері болып табылады, оларда табыс орташа республикалық деңгейден 2,5 және 2,2 есе асқан. Астана және Алматы қалаларындағы халықтың орташа жан басына шаққандағы ақшалай табыстарының деңгейі орташа республикалық деңгейден 2,2 және 2,1 есе асты. Халықтың жан басына шаққандағы ең төмен ақшалай табыс Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстарының тұрғындарында байқалды (тиісінше: орташа республикалық деңгейден 51,9%, 52,7% және 63,8%).
Еңбек рыногы. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің деректері бойынша 2005 жылғы шілденің соңына жұмыссыздар ретінде тіркелген азаматтар саны 110,7 мың адамды құрады. Ал олардың экономикалық тұрғыдан белсенді халық санындағы үлесі - 1,4%. Өңірлер бөлінісінде бұл көрсеткіш 11 облыста асып түскен. Жұмыссыздардың қомақты үлесі Павлодар облысында (2,3%-ға), ең аз үлесі -Алматы қаласында (0,8%).