Оңтүстік Африкада қазақ дипломаттары тоналды


Вице-министр Қайрат Сарыбай оңтүстікафрикалық әріптестерімен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың осы елге желтоқсанда жоспарланған іс-сапары туралы келісуге барған екен. Алайда Претория әуежайына апаратын жолда мұздай қаруланған топ қазақстандық делегация мінген көлікке бас салып, бар құнды заттарын жымқырған. Қарақшыларды қазір жергілікті полиция іздестіріп жатыр. Ал еліміздің Сыртқы істер министрлігі бұл оқиғаға қатысты қандай да ақпарат беруден бас тартып отыр. Жалпы, бұл мемлекетте шетелдік шенеуніктерге шабуыл жиі болады екен. Жуырда ғана Нигерия елшісінің орынбасары да дәл осындай қарақшыларға жемтік болған.