"Оңтүстік" аймақтық басқармасының қолбасшысы қаза тапқан шекарашының әкесіне медаль табыс етті

"Өткен жылдың желтоқсан айының аяғында қазақ-өзбек шекарасындағы Келес өзенінде контрабандашылармен қақтығыс кезінде қаза тапқан шекарашы Ерлан Ниязовты "Мемлекеттік шекараны қорғаудағы ерлігі үшін" медалімен марапаттау туралы бұйрық келді".

Кеше генерал-майор Т. Есетов қатардағы жауынгер Е.Ниязовтың туыстарына хабарласу үшін Ақтөбе облысына барды. Генерал Есетов медальді қатардағы жауынгердің әкесіне табыс етті. Рәсім Шалқар ауданының әкімшілігінде шекарашының жерлестерінің қатысуымен өтті.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, шекарашы Е. Ниязов 2007 жылдың 31 тамызында қаза тапқан. Ол Қазақстаннан Өзбекстанға тауар өткізбек болған контрабандашылар отырған салды тоқтатуға әрекет етемін деп жүріп суға батып кеткен. Әскердің мәйіті бірнеше күннен кейін табылды.

Е. Ниязов "Сарыағаш" шекаралық заставасының тізіміне мәңгілікке енгізілді. Застава аумағында шекарашылар өз қаржысына қаза тапқан жолдастырының құрметіне ескерткіш тұрғызды.