"Оңтүстік" ӘКК Еуропаға 4 мың тоннаға жуық қауын жеткізуді жоспарлауда

"Қазақстан өнімдерін экспортқа шығару қажеттігін ескеріп, ағымдағы жылы Еуропаға 4 мың тонна қауын шығарылады. Ол үшін еуропалық стандарт талаптарына сай жабдықтар сатып алынды", -деді А. Мырзахметов.

Бүгінде 10 сервистік-дайындау орталықтары жұмыс істеуде. Олар республика бойынша 1 200 тонна жеміс пен көкөніс тасымалдады. Ағымдағы жылы жалпы 14 сервистік-дайындау орталықтарын құру жоспарланған.

"Өнімнің өзіндік құнының 60% -ын көлік шығындары құрайтындықтан, оны арзандату үшін біз транспорттық компания құрып, 23 жүк және шағын тоннажды автокөлік сатып алынып, БРК-лизинг компаниясынан тағы да 60 рефрижераторды 980,9 млн теңгеге сатып алуға келісім алдық", - деді А. Мырзахметов.