"Ақша облысқа келді. 15 шілдеде мемлекеттік сатып алу бойынша тендер өткізіледі. Сосын алаң ішіндегі инженерлік желілерді төсеу жұмыстары басталады. Бұрын магистральдық желілер төсеуге және қосалқы станцияны салуға қатысқан және жұмыстарын өз қаражаттарына жалғастырған біздің мердігерлерімізге қаражат кешіктірілмей қайтарылады", - деп хабарлады Н. Сарыбаев.