"Оңтүстік" арнаулы экономикалық аймағының жетекшісі аймақтың даму перспективасын оң бағалайды

"Менің АЭА-тан алған әсерім - оның ауқымдылығы мен келешегінің зор екендігі деген сенім болды. Алдағы уақытта арнаулы экономикалық аймағын Азиядағы индустриялық орталыққа айналатын қала деңгейіне жеткізу мақсатын қоймақпыз", -деді С. Цой.

С. Цойдың айтуынша, қазір "Оңтүстік" арнаулы экономикалық аймағында екі кеден бекетінің құрылысы аяқталып келеді. Аумаққа қазіргі жағдаймен газ құбыры мен жылу құбыры тартылды. Басқа коммуникациялар біртіндеп кезең-кезеңмен тартылмақшы.

"Бүгінгі жағдаймен 1 млрд 200 млн теңге көлемінде қаржы игерілген, тағы да 1 млрд теңгеге жуық қаржыны игеру қажет, - деді С. Цой. - Инвесторларға жұмыс істеуге қолайлы жағдай жасалды. "Окситекстиль" және "Хлопкопромцеллюлоза" компаниялары бұл жерде өз кәсіпорынлдарын сала бастамақшы".

АЭА директорының айтуынша, экономикалық аймаққа кіре берісте екі қатарлы сапалы автомагистраль мен көпір салынып жатыр. "Мердігерлерде техника мен құрылыс материалдарына қатысты проблемалары жоқ. Құрылысшылар барлық жұмыстарды жылдың аяғына дейін аяқтамақшы", - деді С. Цой.

Бұдан бұрын хабарланғанындай, "Оңтүстік" АЭА мақта-тоқыма кластерін қалыптастыру мақсатында 2005 құрылған. Жоспар бойынша, аймақтың территориясында жиырмадан асатын тоқыма және жіп иіру кәсіпорындары бой көтеруге тиіс. Бұдан бұрын хабарланғанындай, алғашқы кәсіпорындар 2007 іске қосылады деп айтылған, алайда осы күнге дейін "Онтүстік" АЭА инвесторлары кәсіпорындарды салуға кіріспеген.

Кейінгі уақытта мәжіліс депутаттары мен үкімет тарапынан АЭА-тың даму қарқынының бәсеңдігі туралы бірнеше қатқыл мәлімдемелер жасалды.

"Оңтүстік" АЭА қүрылғанан бері мұнда үш бастық ауысты. С.Цой бұл қызметке ағымдағы жылдың 7- қарашасында тағайындалды. Аймақты оған дейін басқарған Өмірзақ Әмет қыркүйек айында өз еркімен жұмыстан шықты.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті