Оңтүстік Азиялық парламентшілер Нью-Дели қаласында өткен халықаралық конференцияда ВИЧ/СПИД-пен күрес мәселесін талқылады

Конференцияны парламентшілердің тұрғылықты халық және даму жөніндегі Азиялық форумы мен Үндістан парламентшілерінің Қауымдастығы бірлесіп ұйымдастырды.

Хабарламада атап көрсетілгеніндей, бас қосу барысында аймақтағы ВИЧ/СПИДке қатысты ахуалға, оның алдын алуға және індетпен күреске қатысты кең көлемді пікір алмасылды. Аймақтағы тиісті мемлекеттік мекемелерге ұсынылатын нұсқаулар жобасы жасалды. Форумға қатысушыларды Үндістан президенті Абдул Калам қабылдады. Конференция соңында парламентшілердің тұрғылықты халық және даму жөніндегі Азиялық форумы Атқару комитетінің 51-кездесуі болып өтті.
ҚР СІМ-нің хабарлауынша, бас қосу қорытындысы ВИЧ/СПИД-пен күресте бүкіл халықаралық қауымдастық болып тізе қосудың маңызын, мемлекеттік және бейресми деңгейде күш-жігер жұмсаудың қажеттігін тағы бір дәлелдеп берді.