Оңтүстік кавказ экспорттық көгілдір отын құбыры мен "Шах-Дениз" жобасына 3,2 млрд. доллар инвестиция салынбақ

Соның ішінде Шах-Дениз кенішін игеруге 2,3 млрд. доллар, 690 шақырымдық Оңтүстік Кавказ экспорттық көгілдір отын құбыры жобасына 900 млн. доллар жұмсау көзделіп отыр. Көгілдір отын құбырымен Әзербайжан газы Грузия арқылы Түрік шекарасына дейін тасымалданады. Көгілдір отын тасымалдау жұмысы 2006-жылы басталады.

Шах-Дениз кенішінің болжамдық газ қоры 2 триллион текше метр деп бағалануда.
Жоба акционерлері - ВР (25,5%), Statoil (25,5%), ГНКАР (10%), TotalFinaElf (10%), LUKAgip (10%), OIEC (10%), ТРАО (9%).