Оңтүстік Корея астанасының мэрі Алматы мен Сеул арасындағы экономикалық ынтымақтастық жөніндегі кеңес құру қажет деп санайды

Сеул қаласы әкімінің пікірінше, экономикалық кеңес құру Корея астанасы мен Қазақстандағы ең ірі қала арасында етене жақын және тұрақты негіздегі ынтымақтастық орнатуға мүмкіндік береді. Ли Менг-бак Алматы қаласының әкімін Сеулге шақыра отырып, бұл сапар екі қала арасындағы ынтымақтастықты тереңдетуге түрткі болатынын атап өтті.

Сеул әкімінің айтуынша, қазіргі таңда Қазақстан мен Корея "өзара іс жүзіндегі қарым-қатынастың жоғарғы деңгейіне" көтерілді. Ол қазақстандық және корейлік кәсіпкерлер "өзара тиімді ынтымақтастыққа тың мүмкіндіктер табады" дегенге сенім білдірді.
Өз кезегінде Алматы қаласының әкімі Қазақстанда Корей компаниялардың "танымал" екенін, ал олардың өнімі "халық арасында кеңінен таралғанын" атап өтті. В.Храпуновтың хабарлауынша, биылғы жылдың 8 айының қорытындысы бойынша Корея Республикасы мен Алматы арасындағы тауар айналымы 100 млн. долларды құрады.
Сондай-ақ, Сеул қаласының әкімі Қазақстан-Корея іскерлік өкілдерінің қатысуымен өткізілетін бизнес-форумға қатысады. Алматыда сонымен бірге Ли Менг-бак Қазақ мемлекеттік мұражайында, Республикалық корей музыкалық комедия театрында, "Шымбұлақ" кешенінде болады. Корея Республикасы астанасымэрінің елімізге сапары ертең, 9-қарашада аяқталады.