Оңтүстік Корея президенті сапармен Қазақстанға келеді

"Кездесу барысында олар екіжақты және көпжақты форматтағы қазақстандық –оңтүстіккореялық өзара ықпалдастықтың ағымдағы жағдайы мен келешегін талқылады, оның ішінде Корея Республикасының президенті Пак Кын Хенің жоспарланып отырған сапарын дайындау жайы талқыланды", делінген СІМ таралған баспасөз хабарламасында.

Сонымен қатар сауда-экономикалық, инвестициялық-технологиялық ынтымақтастық мәселелері талқыланды.


Қазіргі уақытта екі ел арасындағы сауда айналымы миллиард доллардан асып отыр.