«Қайғыдан құса болған халқымның алдында Оңтүстік Корея тұрғындарының өмірі мен қауіпсіздігіне жауапты президент ретінде кешірім сұраймын», - деді Пак Кын Хе.
«Не болса да, бұл апатқа мен жауаптымын», - деп қосты ол.
Президент жағалау күзетінің қызметкерлері аталған қайғылы жағдайға дереу әрекет ету бойынша шараны сәтсіз жүргізгенін алға тартып, бұдан да көп адамды аман алып қалуға болар еді деген ой айтты.
Бұған дейін Оңтүстік Кореялық «Севол» паромымен бірге 286 адам суға кеткен туралы хабарланған болатын.
«Мен жағалау күзетін тарату туралы шешім қабылдадым», - деп мәлімдеген президент теңіз хабарын бақылау қайта құрылған ұлттық қауіпсіздік министрлігіне тапсырылатынын атап өтті.