Оңтүстік Корея ұшақ ішінде тәртіп бұзғандарды тоқпен ұрып тоқтатуға рұқсат берді


Мұндай шешімге америкалық әнші Ричард Маркстің шағымы себеп болған. Себебі ол 20 желтоқсанда Вьетнамнан Оңтүстік Кореяға сапарында ұшақта белгісіз біреудің шабуылына тап болған. Әнші әлеуметтік желідегі парақшасына психикалық ауытқуы бар адамның өзге жолаушылармен қоса жолсеріктерге жұдырық ала жүгіргенін жазды. Айтуынша, әуе көлігіндегі экипаж мүшелері мұндай жағдайға дайын болмай, абдырап қалған. Жағдайды ретке келтіру үшін бортсерік ретінде ер азаматтар алынуда. Оларға мамандар экипаж мүшелерін оқыс оқиға кезінде қалай әрекет ету керектігін үйретіп жатыр.