Оңтүстік Кореяда бала қағып кеткен қазақстандыққа қатысты үкім шықты


Оңтүстік Кореяда баланы қағып кеткен қазақстандыққа үкім шықты, - деп хабарлайды "Хабар 24".

Соттың үкімімен, қазақстандық 2 жыл 6 айға түрмеге қамалады.

Бірақ, дереккөздің мәліметінше, баланың ата-анасы сотталушыны кешірмеді. Олардың айтуынша, баланы емдеуге алпыс миллионнан аса вон жұмсалған. Ал ол 50 000 доллардан асады. Сонымен қатар, баланың әкесі мен анасы ұлына қарау үшін жұмыстарынан шығуға мәжбүр болған. Еске салайық, мұның алдында қазақстандық 20 жастағы жігіттің Оңтүстік Кореяда бала қағып кетіп, оқиға орнынан кетіп қалғаны хабарланған. Жәбірленуші жансақтау бөліміне түскен болатын. Ол 18 түрлі жарақат алған еді. Күдікті Павлодардан табылған. Артынша қазақстандық өз еркімен Оңтүстік Кореяға барған.