Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
20 наурыздағы мәліметтер бойынша, коронавирус жұқтырған 34 адам Тэгу қаласында, 17 адам - Сеулде, 14-і - Кенгидо провинциясында, 13-і - Кенсан-Пукто провинциясында. Үш адам қайтыс болды. Қайтыс болғандардың жалпы саны - 94 адам.
Сондай-ақ, бір тәулікте 286 адамның коронавирустан айыққаны айтылады.
Қазіргі уақытта Кореядағы барлық мектеп пен мектепке дейінгі мекемелер 6 сәуірге дейін жабылды.