Бұл туралы Сaravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Ұйымның мәліметінше, бір тәулікте вирус жұқтырған адамдардың 307-сі Тэгу қаласынан анықталған, қалғандары елдің түрлі аймағында. Бүгінде елде 12 адам қайтыс болған, 24-і емделген. Тағы 21097 адамның сараптамасы қазір тексеріліп жатыр.
Оңтүстік Кореяда вирус жұқтырғандардың 80 пайызы, яғни 1338 адам Тэгу қаласы мен оған көршілес Кёнсан-Пукто провинциясында тұрады. Сеулде 55 адам вирус жұқтырған.
Қазіргі уақытта Тэгу мен Кёнсан-Пукто эпидемиялық бақылаудағы аудандар деп жарияланған. Оңтүстіккореялық әуекомпаниялар Тэгуге қатынайтын рейстерін уақытша тоқтатты.