Оңтүстік Кореяда бокстан ересектер арасында Азия чемпионаты өтеді


Чемпионат енді 3-13 тамыз күндері Оңтүстік Кореяның Инчонг қаласында болмақ. Азия бокс конфедерациясы спорттың бұл түрін араб елдерінде тарату мақсатында қабылдаған өз шешімін Таяу Шығыстағы ахуалдың тұрақсыздығына байланысты өзгертуге мәжбүр болып отыр. Бұл Азия боксшылары үшін қыркүйек айында Әзірбайжанда өтетін Әлем чемпионатына дайындықтың маңызды сатысы болмақ.