Оңтүстік Кореяда БҰҰ климаттық қорының қызметтік кеңсесі ашылды

«Өткен айда Филиппинге төнген «Хайян» тайфуні көп адамның өмірін қиып, көп адамға зардап ікелді. Мұндай оқиғалар климаттың ғаламдық өзгерісіне байланысты деп ойлаймын», - дейді оңтүстік кореялық президент.

Қор штаб пәтерінің ашылуы ғаламдық климаттық өзгерістерге қарсы күрес жөніндегі әлемдік ынтымақтастық тарихындағы айтулы сәт болмақ.

Қордың штаб пәтері Сеулден батысқа қарай 50 км жерде Сонгдо қаласында орналасқан.