Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Аурудың алдын алу және бақылау орталығының мамандары мутацияға ұшыраған коронавирустың жаңа үш штаммын анықтаған.
Жаңа мутация Германиядағы GISAID зертханасындағы 80 мың вирустық тізбектелген геномнан ерекшеленеді. Генетикалық мутациялар вирустың ақуызында анықталған. COVID-19 вирусының жаңа штаммының екеуі Пәкістаннан, ал біреуі Өзбекстаннан келген.
"Елге келген 3 адам оқшауланды. Олар басқа адамдармен байланыста болмаған",
- дейді орталықтың директоры Чон Ен Кен.
Оның айтуынша, жаңа штаммдардың қаншалықты жұқпалы екенін әлі анықтау керек.
Оңтүстік Кореяның аурудың алдын алу және бақылау орталығының мәліметінше, елде коронавирусты жұқтырудың 14 626 дерегі тіркелген, 305 адам қайтыс болыпты.