Оңтүстік Кореяда MERS вирусына байланысты 500-ден астам мектеп жабылды

Соңғы мәліметтер бойынша, індет салдарынан үш адам қаза тауып, осы аса қауіпті дертті жұқтырғандар саны 30 адамға жетті.

Оңтүстік Кореяның президенті Пак Кын Хе елдің билік көздерін індетті тоқтатуға және ел арасында дүрбелең тумауы үшін бар мүмкіндікті жұмсауға шақырды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтерінше, қазіргі кезде індет салдарынан 436 адам көз жұмған.