Оңтүстік Кореяда қашып кеткен екінші қазақстандық ұсталды

"Елшілік бұл мәселені ерекше бақылауда ұстайды және барлық қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетеді", – деді СІМ.

Естеріңізге салсақ, жексенбі күні таңғы сағат 4:20-да 18 және 21 жастағы екі Қазақстан азаматы депортацияға арналған ұшаққа отырмай қашып кетті. Екеуі автобустың терезесінен шығып, тікенді сым тартылған қоршаудан секіріп кеткен. Біреуі ұсталды.