Оңтүстік Кореяда жұмыс істеп жүрген қазақ жігіті отандасын 15 жерден пышақтап кетті

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Кореядағы Қазақ Қауымдастығының instagram желісіндегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Кореядағы Қазақ Қауымдастығында хабарланғандай, Билібектің сөзінше: қастандық жасаған - өзіміздің отандасымыз Арман есімді жігіт. Сол күні күндіз жұмыста болған түсінбеушілікке байланысты, кешке келіп есік алдында пышақтап кеткен. Қазіргі уақытта полиция Арманды іздестіру жұмыстарын жүргізуде.

 Билібек қазір Каннын қаласындағы ауруханада ем қабылдап жатыр. 

Тергеушілердің сөзінше: Билібек Арманға кешірім бергенімен, бәрібір жазадан қашып-құтыла алмайды. Заң бойынша: жапа шеккен тарап кешірім бергеніменде, қасақана қылмыс болғандықтан, қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Елшілік кәріс тілінен аударма жағынан ғана көмек бере алатындарын жеткізді.