Оңтүстік Кореялық азамат жалға алған үйді секс-притонға айналдырған

Оңтүстік Кореяның 47 жастағы азаматыы Алматыда шетелдіктерге арналған секс-притон ашып алған. Бұл туралы Caravan.kz қалалық ІІД өкілдеріне сілтеме жасап хабарлайды.

Күдікті қаладағы жеке ЖШС директоры болып қызмет істейді. Өзге елдің заматы жеңіл жүрістілер үйін караоке-бар ретінде ашқан. Сол  үшін қаланың орталығынан үй жалдап, сенімді адамдардан көмекші топ құрған.

Аталған "барда" тек шетелдіктерге қызмет көрсетілген. Жын ойнақ ордасын ашқан шетелдік сақтық үшін әр адамға өз рөлін атқаруды ұсынған.

Мәселен, 45 жастағы Алматы облысының тұрғыны ЖШС директоры ретінде персоналдың жалақысын төлеумен айналысқан әрі қаржы мәселелерін шешкен. Ал Жамбыл облысының 51 жастағы тұрғыны күзетші болып жұмыс істеген. Ол үйді күзетіп, тек тексерілген сенімді адамдарды кіргізген. 29 жастағы азаматша бардың әкімшісі ретінде жазылса да, жыныстық қызмет көрсететіндердің кастингін өткізген. Оның мекеме ішіндегі лақап аты "мадам" екен. Жеңіл жүрісті қыздардың қызмет көрсету бағасы 100-300 доллар аралығында болған", - деп хабарлады Алматы қалалық ІІД-нің Ұйымдасқан қылмыстық топқа қарсы күрес басқармасының басшысы Ерлан Оралбеков.

Қазір аталған іс бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Жезөкшелер ордасын ашқан шетелдік уақытша қамауға алынды.