Оңтүстік Кореяның Конституциялық соты жұбайының көзіне шөп салғандарды қылмыстық жауапкершілікке тартатын заңның күшін жойды


Бұл туралы жергілікті БАҚ хабарлады.
«Адюльтер моральдық азғындық болып саналады. Бірақ, мемлекет адамдардың жеке өміріне қол сұқпауы тиіс», - деді сот төрағасы.
1953 жылы қабылданған заңның күшін жоюды соттың тоғыз мүшесінің жетеуі қолдап дауыс берді.