Оңтүстік Кореяның премьер-министрі ресми сапармен Қазақстанға келеді

Сапар мамырдың 13 мен 15 аралығына межеленген, деді Е.Ашықбаев.

"Сапар барысында Оңтүстік Кореяның премьер-министрі ел басшылығымен кездесіп, екі ел арасындағы энергетика, жеңіл өнеркәсіп және құрылыс саласындағы ынтымақтастық аясын кеңейтуге бағытталған екі жақты құжаттардың топтамасына қол қою жоспарланған", - деді Е. Ашықбаев.

Сондай-ақ, сапар аясында Оңтүстік Кореяның іскерлік өкілдерінен 100-ден астам адамның қатысуымен Қазақстан -Корея бизнес-форумы ұйымдастырылады.

"Оңтүстік Кореяның премьер-министрінің ресми сапары оның Орталық Азия елдеріне жасайтын турнесінің аясында өткізіледі. Бұл оның Корея үкімет басшысы ретіндегі бірінші шетелдік сапары", -деді СІМ өкілі.