Мәселен, 2013 жылдың 5 айында аталмыш дертке ұрынғандардың саны 6 адам болса, биылғы жылдың алғашқы бес айында 15 адам тамақтан уланып отыр. Облыстық тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің қызметкерлері осылай дейді, деп хабарлайды otyrar.kz.
Халықты тамақтанудың қатаң ережесін сақтауға үндеп отырған олар күннің ысуына орай тағамдарды тоңазытқыштарда сақтап, тек балғын азықтарды қолданып, өте сақ болуға шақырады.
«Бұл - өте қауіпті улану. Соңы адам өліміне әкеп соғуы мүмкін. Сондықтан уланудың алғашқы белгілері білінген жағдайда өздігінен ешқандай дәрі қабылдамай, дәрігерге жүгіну керек», - дейді ОҚО Тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің бөлім басшысы Марияш Сейталиева.