Оңтүстік Орал темір жол бөлімшесінде қоршаған ортаны қорғау заңының бұзылу оқиғасы анықталды

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, ағымдағы жылдың наурыз айында Солтүстік Қазақстан облысының көлік прокуратурасының жұмыс жоспарына сәйкес "Оңтүстік Орал темір жолы" Федералдық мемлекеттік унитарлық кәсіпорынының "Локомотив депосы" Петропавл бөлімшесінде қоршаған ортаны қорғау заңының қолданылуына тексеріс жүргізілген.

Қадағалау органының баспасөз қызметі ҚР Экологиялық кодекстің 203 және 217 баптарына сәйкес өнеркәсіп, энергетика, көлік және байланыс нысандарын пайдалану белгіленген экологиялық талаптарды және қоршаған ортаның ластануды болдырмауға қажетті тазалау қондырғыларын, санитарлық күзет зоналары мен экологиялық негізделген технологияларды пайдалануды ескере отырып іске асырылуы қажет.

"Алайда осыған қарамастан кәсіпорында пайдаланылған жанар-жағармай материалдарын төгетін жердің топырағының аса мазутталғаны байқалып отыр. Сондай-ақ, №4 депоның шығыс жағындағы 3 жолдың топырағы мазутталған", - деп атап көрсетті баспасөз қызметі.

Тексеру нәтижесі бойынша локомотив депосының лауазымды тұлғасына қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 250-бабы, 2-тармағы бойынша әкімшілік құқық бұзу туралы бір іс қозғалды және Оңтүстік Орал темір жолының Петропавл бөлімшесінің бастығының атына заң бұзушылықтарды жою туралы бір ұсыныс енгізілді.