«Республиканың батыс және оңтүстік облыстарында күндізгі температура кей жерлерде 2…5º жылы, қалған аумақта 0-ден минус 7º дейін күтілуде», - делінген жұмадағы хабарда.
Синоптиктердің ақпарынша, Республиканың солтүстік жартысындағы ауа температурасының едәуір көтерілуі - жылы атлантикалық ауа массаларының ықпал етуінен болып отыр.
«Демалыс күндері тропосферадағы ауа батыс массасының ауысуы Қазақстанда әлі сақталады. Осы ретте республиканың барлық аумағында температураның жоғарылауы күтіледі», - делінген мәтінде.