"Қазгидромет" РМК мәліметінше, 17-18 сәуірде Қызылорда, ал Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде сынап бағанасы түнде 0 - 5 градус суықтықты көрсетеді. Алматы және Жамбыл облыстарында 17 сәуірде қар, жаңбыр жауып, 18-19 сәуірде ауаның температурасы түнде 2 - 7 градус суыққа дейін төмендейді.
Таяудағы тәуліктерде нөсер күтілуге байланысты Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарының жекелеген тау өзендерінде жаңбырдан кейін тасқын жүруі мүмкін.