Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Қызылорда және Жамбыл облыстарында қатқақ болады деп күтілуде - Қазгидромет

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, 23 -24 қыркүйекке қараған түні Алматы облысында суық сақталса, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарында кей жерлерде 0 - 2 градус қатқақ болады.

Сонымен бірге, Маңғыстау, Атырау, Оңтүстік Қазақстан облыстарының таулы асуларында, күндіз Қызылорда облысында кей жерлерде желдің жылдамдығы секундына 15 - 20 метрге дейін күшейеді. Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды облыстарында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.