Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігі қызметкерлерінің жаттығуы жұрттың күлкісін келтірді

Әлеуметтік желіде Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігі қызметкерлерінің жаттығу жасап жатқанын көрсететін видео пайда болды, деп жазады Caravan.kz.

Әдеттегідей бұған қатысты да сан алуан пікір жазылыпты. Біреу «қарындары салбырамай, осылай істегендері жөн» десе, енді біреу мұны еріккеннің ермегіне балайды. «Одан да үлкен іс бітіріңдер» дегенге меңзейді. Ал көпшілік бұған юмормен қараған. «Бұл не болды сонда?» депті әлеуметтік желінің бір қолданушысы.