Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мемлекеттік шекара сызығында орналасқан бұл үйлерден екі ел аумағына да шығуға болады.
Ұ.Жаңабаевтың айтуынша, бұл шаралар шекаралық сауда-саттықты реттеу, контрабандалық тауар тасқынын тоқтату үшін қолданылып отыр.
Оңтүстік Қазақстан облыстық кедендік бақылау департаментінің мәліметіне жүгінсек, 2002-жылы Қазақстаннан Оңтүстік Қазақстан облысының аумағы арқылы Өзбекстанға 3,5 млн. долларға 29 мың тонна ұн жөнелтілген. Ал 2003-жылы ресми түрде 15 млн. долларға 125 мың тонна ұн сатылды. Облыстан Өзбекстанға шығарылатын экспорттың жалпы көлемінде ұн және ұн өнімдері 33 процентті құрайды.
Ұ.Жаңабаевтың айтуынша, қазіргі таңда Оңтүстік Қазақстан облысының халық тығыз қоныстанған шекаралық аудандары арқылы контрабандалық жолмен ұн тасымалдау мөлшері анағұрлым азайды. Алайда ол 2003-жылдың 1-тамызынан бастап Өзбекстан жағының Қазақстаннан әкелінетін ұнға 20 проценттік баж салығын салу туралы шешімі контрабанданың қайтадан жандануына апарып соғуы мүмкін деген қаупін білдірді. "Талдау қорытындысы көрсеткеніндей, Өзбекстандық кәсіпкерлер қазір контрабандалық жолмен Өзбекстанға ұн шығару үшін Қазақстандық әріптестер іздестіру жұмысымен белсене айналысуда",- деді Оңтүстік Қазақстан облыстық кедендік бақылау департаментінің бастығы.
Департамент мәліметі бойынша, Өзбекстанға қазір елімізден көбінесе ұн, жанар-жағармай және тұтыным тауарлары контрабандалық жолмен шығарылады.