Шардара су қоймасының гидроқұрылғыларын жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарына өткізілген тендерде жеңіске жеткен Қытайдың геоинженерлік компаниясына жалданған жергілікті жұмысшылар жалақы мөлшерінің 10-15 мың теңгеден аспайтынын, мерзімнен тыс істеген жұмыс үшін ақы төленбейтінін, демалыссыз жұмыс істеуге тура келетінін айтып шағымданды. Құрылыс алаңында ауыз су жетіспейді, ас-су ішетін жағдай жасалмаған.
Ал жұмысшылардың шағымын жоққа шығарған компания өкілі Хван Тау компанияның мерзімнен тыс істеген жұмыс үшін ақы төлейтінін, ал күн райы бұзылғанға дейін бетондық жұмыстарды аяқтап шығу талабына байланысты демалыссыз жұмыс істеуге тура келгенін жеткізді.
Б.Жылқышиев шетелдік компанияның басшылығы мен жұмысшылар арасындағы дау-шардың мән-жайын анықтауға уәде берді.