"Бүгін 14 сағат 18 минутта облыстық балалар аурханасының аумағындағы екі қабатты бос ғимараттың шатырында өрт шыққандығы туралы хабар келіп түсті. Өрт сөндіруге тоғыз цистерна жұмылдырылды. 15 сағат 08 минутта тілсіз жау ауыздықталды",- деп хабарлады кезекші.
Алдын-ала берілген ақпараттарға сүйенсек, өрт аурухананың қазір жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан корпустарының бірінде шыққан. Тілсіз жау 250 шаршы метр аумақты шарпыған. Қазір осы мәліметтер нақтыланып, өрттің шығу себебі тексеріліп жатыр. Өрт салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.