Бастапқыда үкім 11-шілдеде шығарылады деп межеленген болатын. Алайда, кеше сот қызметкерлері процеске қатысушыларға телефон соғып, үкім 26-маусымда шығарылатынын хабарлаған. Бүгін таңертең судья Зиядинхан Пірнияз үкімді жария ете бастады. "Үкімді оқу қаншаға созылатыны белгісіз,- деді Kazakhstan Today тілшісіне сот кеңсесіндегілер. - Бұл ауқымды іс. Судья өзі жалғыз оқиды, арасында үзіліс жасау керек".
Бұған дейін де хабарлағанымыздай, сотқа 21 адам, соның ішінде 8 медицина қызметкері айыпкер ретінде тартылған. Екі айыпкер сотқа дейін қамауда болса, қалғандары ешқайда кетпеу туралы қолхатпен бостандықта болды. Айыпкерлерге әрбір айыпкердің қылмыстық құрамына байланысты пара алу, алаяқтық, қымқыру, немқұрайдылық жөніндегі 4 бап бойынша айып тағылған. Денсаулық сақтау департаментінің бұрынғы бастығы Нұрсұлу Тасмағамбетоваға немқұрайдылық туралы айып тағылған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті