Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД жол полициясының бастығы алаяқтығы және қызмет бабын асыра пайдаланғандығы үшін ұсталды

"Өткен жұма күні ҚР ІІМ ішкі қауіпсіздік қызметкерлері ОҚО ІІД ішкі қауіпсіздік басқармасы қызметкерлерімен бірлесіп Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД -нің ғимаратында облыстық жол полициясының бастығын құрықтады", - деді баспасөз хатшысы. Оның айтуынша, подполковник Мейрамбек Шәкенов ҚР Қылмыстық кодексінің 307-бабы (лауазымдық құзыретін асыра пайдалану) және 177-бабы (алаяқтық) бойынша ұсталды. Жол полициясының бастығы қазір қамауда отыр, ҚР ІІМ мен ОҚО ІІД қызметкерлері тергеу жүргізуде.

"Біздің департаментте үлкен комиссия жұмыс істеп жатыр, тергеушілер тобы бірқатар полковниктердің арызында көрсетілген деректерді тексеруде", - деді С. Қаракөзова. Оның айтуынша, комиссияның жұмыс қорытындысы толық жария етіледі.

Осы орайда еске сала кетсек, М. Шәкенов 29-маусымда қолға түсті. Ол департамент басшылығы тарапынан алымдар жинау мен пара алу оқиғаларын жеткізген полиция офицерлерінің хаты бойынша ІІМ-нің комиссиясы жүргізген тексеруге байланысты ұсталды.

М. Шәкенов ОҚО ІІД жол полицисын 2007-жылдың ақпан айынан бері басқарған. Ол осы қызметке Шығыс Қазақстан облысынан ауыстырып әкелінді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті