"8 қазанда "Жібек Жолы" кеден бекетінің қызметкерлері Қазақстанға декларацияда көрсетілмеген 1 млн 144 мың теңгені алып өтуге әрекет жасаған өзбекстандық әйелді ұстады", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Мекеменің хабарлауынша, ұсталған әйел аталған ақшаны азиялық текті белгісіз бір еркектің Өзбекстаннан Қазақстанға жеткізіп беруін өтінгенін жеткізген. Бұл қызметі үшін ол әйелге 2 мың теңге төлеуге уәде берген.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл дерек бойынша Өзбекстан азаматы болып табылатын әйелдің үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 209 бабының 1 тармағы бойынша "Экономикалық контрабанда" жөнінде қылмыстық іс қозғалды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті