Оңтүстік Қазақстан облыстық кедендік департаменті 168 млн теңге көлемінде салық төлеуден жалтару дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады

"Ағымдағы жылдың 30 қаңтарында Оңтүстік Қазақстан облыстық кедендік бақылау департаментінің қызметкерлері "ЮрАзия Энерджи Холдингс ЛТД" НҚК компаниясының үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 214 бабының 2 тармағының "а" тармақшасы бойынша (Кедендік төлемдер мен алымдарды төлеуден жалтару) қылмыстық іс қозғады", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Компания Қазақстанның кедендік аумағына бұрғылау қондырғылары, ауыр машиналар мен жартылай тіркемелер секілді жабдықтарды АҚШ-тан импорттаған. "Компанияның Қазақстан Республикасының кедендік аумағына енгізген техникасына санақ жүргізген кезде қосылған құн салығы есепке алу әдісімен төленген тауарларды мақсатсыз пайдалану дерегі анықталды".

Сонымен бірге "ЮрАзия Энерджи Холдингс ЛТД"-нің сыртқы экономикалық алыс-берісін тексерген кезде кәсіпорынның Қосалқы құн салығын төлеуде есепке алу әдісі қолданылған импортталған тауарларды иеліктен шығарғанын анықтады.

Тексеру қорытындысы бойынша компания бюджетке168 519 738 теңге көлемінде қосылған құн салығын төлеуге тиіс.