Бұл туралы контрабандамен күрес жөніндегі бөлім бастығы Хамид Ахметов KZ-today тілшісіне хабарлады.
39 жастағы Өзбекстан азаматы 14-шілдеге қараған түнде Оңтүстік Қазақстан облысында Қазақ-Өзбек шекарасына таяу жердегі Нұрлыбаев ауылында ұсталған. Қолында құжаттары жоқ адамның қойнынан 3 мың жасанды АҚШ доллары оралған бума табылды.
Тұтқынның айтуынша, банкноттарды ол Жызақ облысы Гагарин қаласында бейтаныс жігіттен алған. Ол сондай-ақ, ақшаның жасанды екенін білетінін, әрі оны сатуға ниеттенбегенін жеткізді.
Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің "Жасанды ақша немесе бағалы қағаздар дайындау немесе сату" жөніндегі 206-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.