Заңсыз мигранттар Шымкент орталығындағы рейд барысында ұсталды. Олардың басым бөлігі әйелдер мен балалар. Олар облыс орталығында қайыршылықпен шұғылданған.
Қолдарында тіркелу туралы құжаттары да, уақытша тұратын мекен-жайы туралы ақпарат та болмай шықты. Сол себепті олардың бәрі де шекаралық Жібек жолы бекетіне жеткізілді. Одан әрі мигранттар Өзбекстанның Кашкадарья және Самарканд облыстарына жеткізіледі.
Жалпы жыл басынан бері Оңтүстік Қазақстан облысында көші-қон заңын бұзған 3 мыңдай шетел азаматтары ұсталды.