Оңтүстік Қазақстан облыстық онкодиспансер ісіктің топометриясын айқындау және гамма-стимуляциялық заманауи аппарат алды

"Бұл аппарат емдеуге емес, нақты топометрияны айқындауға бағытталған. Бұл ісіктің нақты шекарасын айқындау, оның тереңдігін білу, сәулені сол маңдағы тканьдарға зақым келтірмей қай жағынан бағыттау керектігін айқындауға жәрдемдеседі", - деді О. Құлакеев.

Құны 130 млн теңге тұратын аппарат республикалық бюджет есебінен алынған.

Облыстық онкодиспансердің мәліметінше, Оңтүстік Қазақстан облысында 8 мыңнан астам онкологиялық науқас бар.