Жол полициясының қызметкерлері рейд шараларының барысында Шымкенттен бірнеше шақырым жерде тұқым тиеген үш ауыр жүк автокөліктерін тоқтатты. Жүргізушілерде жүктің құжаттары болмай шыққан. Шұғыл шаралардың нәтижесінде тұқымдардың "Шымкентмай" АҚ кәсіпорнынан қолды болғаны анықталды. Шығын көлемі 1 млн. теңгені құрап отыр. Тонаушылық оқиғаға кәсіпорын қызметкерлерінің қатысы бар болып шақты.
Тәртіп сақшылары тергеу материалдарын қаржы полициясының қызметкерлеріне өткеріп берді.