Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, бүгін Шымкенттің орталық алаңында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Өмірзақ Шүкеев департамент басшысына ВАЗ, УАЗ, "Тойота" маркалы 94 көліктің кілтін салтанатты түрде табыс етті.
Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, 50 көлік жол полициясына, 30 көлік патрульдік - күзет қызметіне арналған, ал қалғандары учаскелер мен бөлімдерге бөлінеді.
Көліктерді сатып алуға қаржы облыстық бюджеттен бөлінген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті