Ақпаратқа қарағанда, Сарыағаш ауданының сот төрешісі азаматтық шағым бойынша 30 мың теңгеге оң шешім шығарып бермек болған. Полиция қызметкерлері судьяны өзінің жеке кабинетінде пара алып жатқан жерінде ұстады.
Д.Тұрғынбайдың хабарлауынша, төреші бірнеше бап бойынша айыпталуда. "Пара алу" дерегі бойынша Бас прокуратура ҚР ҚК 311 бабы 4 тармағына сәйкес "пара алу", қылмыстық іс қозғады,- дейді ол. Тергеу шаралары барысында ҚР ҚК 307 бабы бойынша "қызметін жеке басының мүддесіне пайдалану", ҚР ҚК 314 бабына сәйкес "қызмет барысында жалған құжат жасау", ҚР ҚК 350 бабы бойынша "Әділетсіз үкім, шешім шығару немесе сот актілерін жасау" жөнінде қосымша айып тағылған.
Іс сотқа жіберілді.