Оңтүстік Қазақстан облыстық ұн өндірушілер халықты нанмен қамтамасыз етуде тауқыметтер туындауы мүмкіндігін ескертеді

"Облыста ұн өндіретін кәсіпорындарда күніне екі мың тонна астық өңделеді. Бүгінде ұн өндірушілерде бір жарым айлық қана қор қалды. Оны толықтыратын мүмкіндік те жоқ", - деді Г. Ерметов.

"Дани-нан" ЖШС директорының айтуынша, астық өңдеушілер күзде астықтың бір тоннасын 240 долларға сатып алған. "Бүгін астықтың бір тоннасының бағасы 350 долларды құрайды, алайда тіпті осы бағаға да біз оны сатып ала алмаймыз", - деді Г. Ерметов.

Ол В. Школьниктен үкіметтің Оңтүстік Қазақстан облысына көмек көрсетіп, Азық-түлік келісім-шарты корпорациясы арқылы қосымша астық көлемін бөлуін сұрады.

Оған облыс әкімінің бірінші орынбасары Ислам Әбішев қолдау білдірді.

"Тек медициналық норма бойынша нан тұтынымын қамтамасыз ету үшін облысқа ай сайын 17 мың тонна ұн қажет, бұл астыққа шаға есептегенде 25 мың тоннаға тең. Күзде Азық-түлік келісім-шарты корпорациясы арқылы тұрақты бағамен бізге 7 айға 35 мың тонна астық бөлген. Бұл айына бес мың тоннаны құрайды. Осы бидайдан біз өңірдегі кедей азаматтарды бір килограммы 50 теңгеден келетін ұнмен қамтамасыз етеміз", - деді ол.

"Қазірде базарларда бір килограмм бірінші сортты "халықтық" ұнның бағасы 70 - 80 теңге тұрады. Біз қазір бағаны ұстап тұру туралы сөз қозғамайтын болдық. Мәселе тіпті мүлдем наннан құралақан қалмауда болып тұр", -деді И. Әбішев.

Астық экспортына қатысты заңнамаға түзетулер енгізу жөнінде ұсыныстар дайындалды, деді облыс әкімінің орынбасары. "Астықты экспортқа шығаруға ниеті барлар экспорттық көлемнің 15%-ын елдің ішінде тұрақты бағаға сатуға тиіс деген ережені қабылдау қажет", -деді И. Әбішев.

В. Школьник үкіметте бұл ұсынысты қарауға уәде берді .